Елбасының тапсырмасымен құрылған Жер реформасы комиссиясы үлкен жұмыс атқарды - Ақылбек Күрішбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның отырысында Экономикалық топтың жетекшісі Ақылбек Күрішбаев жер мәселесі бойынша күні-түні жұмыс істеген ауыл шаруашылығы министрлігі ұжымына алғысын айтты.
