Жер реформасы бойынша барлық ұсыныстар Парламентте ескеріледі - Нұртай Сабильянов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер мәселесі бойынша ұсыныстар заң жобасы ретінде Парламентке енгізілгенде жан-жақты талқыланады. Бұл туралы бүгін Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, аталған комиссия мүшесі Нұртай Сабильянов мәлім етті.
