ru24.pro
Новости по-русски
Август
2016

Ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға 49 жылға жалға беру институтын сақтап қалу ұсынылды

0

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Жер реформасы бойынша комиссияның кезекті отырысында осы бағыттағы бұған дейінгі атқарылған жұмыстар екшеліп, нақты ұсыныстар жасалды. Сондай салмақталып, сараланған ұсынымның бірі - ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларына 49 жылға дейінгі мерзімге жалға беру институтын сақтап қалу мәселесі болды.