Жұма күні Қазақстанның батысы мен солтүстігінде ғана өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде күн райы ашық болады, атмосфералық ағындардың өтуімен республиканың батысы мен солтүстігінде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.