Таразда «Еркін пікір» клубының алғашқы отырысы өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Еркін пікір» пікірсайыс клубының ағымдағы жылғы алғашқы отырысы өтіп, онда Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланып, түсіндірілді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.