Бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады, республиканың батысында, солтүстігінде және шығысында атмосфералық ағындардың өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауып найзағай ойнайды, жел ұйтқып соғады, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.