Алматы облысында көлік ішіндегі жүргізушісімен өртеніп кетті
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылының тұрғындары тамыздың 9-нан 10-на қараған түнде жантүршігерлік жағдайға тап болды. Ауыл іргесінде, күре жолдан 5 шақырым жерде ішінде адамымен жанып кеткен көлікті көріп, тұрғындар 101, 102 қызметтерін шақыртқан.