Рио-де-Жанейрода Несіп Жүнісбаев Халықаралық спорт журналистері қауымдастығының (AIPS) арнайы марапатына ие болды
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Бүгін Рио-де-Жанейро қаласында спорт журналисі, жазушы, спорт шебері, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіп Жүнісбаев Халықаралық спорт журналистері қауымдастығының (AIPS) арнайы марапатына ие болды.