Қазақстандықтар 2 трлн теңге заңдастырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, Қазақстанда 2 триллион теңгеге жеке мүлік пен қаражат заңдастырылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті дамыту және жаңғырту департаментінің директоры Ержан Біржанов мәлім етті.