2 тамызда ел аумағының батысында аптап ыстық, оңтүстікте шаңды дауыл, орталық өңірлерде жаңбыр жаууы күтілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан Респуликасының оңтүстік-шығыс, шығыс, батыс және орталығында жаңбыр, найзағай сақталады, екпінді жел соғады, жекелеген аудандарында бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.