Мектепте смартфонға тыйым салу мәселесі ата-аналар жиналысында қаралады - ҚР БҒМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мектептерде смартфондарға тыйым салу тақырыбы ата-аналар жиналыстарында талқыланады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мәншүк Әбдікәрім мәлім етті.