Археологтар 5 қаруымен жерленген сарбаздарды тапты - Ақтөбе облысы (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы далалық маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты еліміз бойынша әр тарихи кезеңдерді қамтитын оннан астам нысанда археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Кезекті зерттеулердің бірі - Ақтөбе облысының Қобда ауданында орналасқан ж.с.д. VI-V ғғ. жататын Төртоба жерлеу-ғұрыптық кешенінде жалғасты, деп жазады e-history.kz.