Іле Алатауында қаза тапқан альпинистің мүрдесі Алматыға жеткізілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің Республикалық жедел-құтқару отряды Мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары Алатауда қаза тапқан латвиялық альпинистің мүрдесін полиция қызметкерлеріне тапсырды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетінің ресми өкілі Рұслан Иманқұлов хабарлады.