Самұрық-Қазына сатып алуларда жаңа «құралды» қолданады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық Қазына Келісім-шарт» ЖШС өзгерту бағдарламаларын жүзеге асыру ауқымында Қор компаниялар тобына әлеуетті жеткізушілерді алдын ала іріктеуден өткізуге кірісті. Бұдан әрі Самұрық-Қазына сатып алуларға ұйымдарды алдын ала іріктеуден өткен білікті әлеуетті жткізушілерді жібереді.