Астана медицина университеті мен «Ла Сапиенца» Рим университеті стратегиялық әріптестік орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рим қаласында мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру және жоғары медициналық білім беруді жандандыру шеңберінде «Астана медицина университеті» АҚ және «Ла Сапиенца» Рим университеті арасында стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.