Біздің мақсатымыз - теріс пиғылды идеологияға қарсы ұлттық имани иммунитетті күшейту - Серікбай қажы Ораз (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Ғылым ордасы» РМК кешенінде «Дін мен тарих тағлымы» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті.
Онда сөз сөйлеген ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз жиналған қауымға Діни басқарманың «Дін мен тарих тағлымы» жылы аясында атқарып жатқан жұмыстары жайында айта келе, Ислам діні VII ғасырда пайда болып, VIII ғасырда қазақ даласына келгенін, Х ғасырдың соңында Орта Азия мемлекеттерінің ресми діні мәртебесіне ие болғандығын, Ислам дінін қабылдағаннан кейін қазақ халқының рухани, мәдени өмірінде өсіп-өркендеу үдерісі қайта жаңғырғанын «Дәстүрлі Ислам жауһарлары» кітабы негізінде түсіндірді.