Қостанайда бүлдіршінді қауып алған иттің иесі ұсталды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай полициясы бүлдіршінді қауып алған иттің иесі 18 жастағы бойжеткенді ұстады.
«Набережный» полиция пунктінің аға учаскелік қызметкері Батырбек Мұрзабековтың айтуынша, иттің иесін табуға оқиға куәгерлері жәрдемдескен.
