Шымкент лицейінің түлегі Кореяда жыл студенті атанды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкенттегі қазақ-түрік лицейінің түлегі Дәулет Батырхан Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және техника университетінің (UNIST) «Жыл студенті - 2016» атағын жеңіп алды. Бұл туралы жаңалықты Фейсбукте парақшасында Нұрбол Төлеубаев бөлісті.