Оңтүстік Корея мен Алматы кардиологтары жүрек ауруларын емдеу жолында ынтымақтаспақ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2016 жылы 14 маусымда Алматы қалалық кардиологиялық орталығында шетелдік мамандардың қатысуымен «Жіті коронарлық синдром және және жүрек екпінінің бұзылуы ауруларына шалдыққан науқастарды емдеуде инновациялық технологияларды пайдалану» шеберлік сағаты өтті, деп хабарлады жексенбі күні Алматы қалалық кардиологиялық орталығының баспасөз қызметінен.
