ҚР Жеке сот орындаушылар палатасы Уфадағы халықаралық конференцияға қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясындағы жеке сот орындаушылар институтын дамыту бағытындағы 27-і қадамды жүзеге асыру мақсатында Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы Ресейдің Уфа қаласында өткен Халықаралық конференцияға қатысты. Жыл сайын өткізіліп келе жатқан аталмыш басқосудың биылғы тақырыбы сот актілері мен уәкілетті органның актілерін мәжбүрлі орындату практикасына арналған болатын.