АУА РАЙЫ: 2 маусымда еліміздің басым бөлігінде найзағайлы жауын жауады, тұман түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 маусымда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшеюі күтіледі. Тек республиканың солтүстік және орталығында ауа-райы жауын-шашынсыз болады, деп болжайды Қазгидромет.
