ЭКСПО-2017 көрмесіне 147 млн. еуро демеуші қаржысы тартылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 көрмесіне 147 млн. еуро демеуші қаржысы тартылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесі мәселелеріне арналған кеңесте «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов мәлім етті.