ru24.pro
Новости по-русски
Апрель
2016

Астанада жол-көлік оқиғасы орын алды

Куәгерлердің айтуынша, Бөгенбай даңғылымен тура бағытта келе жатқан Toyota Camry 40 (қара түсті) автокөлігі Желтоқсан көшесінен келіп Бөгенбай даңғылына оңға бұрмақшы болған Toyota Camry 50 автокөлігіне (ақ түсті) соғылған. Автокөліктердің екеуі де бағдаршамның жанып-өшіп тұрған жарық белгілерінен өтпекші болған, дәлірек айтар болсақ: «Желтоқсан көшесімен келе жатқан автокөлік жасылдың жанғанын күтпей, тоқтамай бұрылды. Ал Бөгенбай даңғылымен тура бағыттағы автокөлік қызыл жанғанша үлгеремін деген болса керек», - дейді оқиға орны куәгері. Жарақат алғандар бар, алайда нақты саны әзірге белгісіз. Оқиға орнына МАИ қызметкерлері мен екі жедел жәрдем қызметі келіп, көмек көрсетуде. Оқиға бүгін шамамен сағат 12.30 да орын алды.