Е.Қарин: Әлемдік саясаттағы жағымсыз тенденцияның бірі - елдер арасындағы ашық теке-тірес
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан ХІІІ Еуразия медиа форумы барасында Ауғанстанның экс-президенті Хамид Карзай «әлемдегі ірі державалар арасында сенімнің жоқтығынан дүниежүзі зардап шегіп отыр», - деген ойын айтқан еді. Форум арасындағы үзіліс кезінде ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, белгілі саясаттанушы Ерлан Қариннің осы мәлімдемеге қатысты ойын білдік.
