Таразда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрме ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жамбыл облыстық көрме залында «Тамаша әлем!» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары мен студенттерінің картиналары мен өнер туындылары қойылған. Бұл туралы ТарМПИ Ақпараттық-имидждік қызметі хабарлады.
