Қызылордада аралас жекпе-жектен халықаралық турнир басталады
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 23 сәуір күні Қызылордада «Еуразия» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен «ЖАУЖҮРЕК АЛАШ ҰРПАҒЫ» халықаралық турнирі өтеді. Биылғы жылы үшінші мәрте ұйымдастырылатын турнирге Қазақстан құрама командасының спортшыларымен қатар, Ресей, Грекия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан жекпе-жек өнерінің шеберлері бақ сынасады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.