Елбасы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев астық қолхаттары айналымының тәсілдерін өзгертуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.