Қазақстанда бюджетті алдын ала бағалау 2017 жылдан бастап енгізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде бюджетті алдын ала бағалау 2017 жылдан бастап енгізіледі. Бүгін «Нұр Отан» партиясы Мәжілістегі Фракциясының кеңейтілген отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин осылай мәлім етті. Фракция отырысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды іске асырудың жаңа тәсілдері мәселелері талқыланған болатын.