ЕАМФ алаңында теңгерімді шешімдер іздестіру бейбітшілік жолындағы жалпы әлемдік қозғалысқа баға жетпес үлес - Н.Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада басталған ХІІІ Еуразиялық медиа форум қатысушыларына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау жолдады. Құттықтауды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева оқып берді.
