ru24.pro
Новости по-русски
Апрель
2016

Батысқазақстандық жастар «Дубна» университетінде тегін оқи алады

0

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы «Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті» («ҚазИИТУ») ғылым-білім кешені Ресейдің Мәскеу облысындағы «Дубна» табиғат, қоғам және адам халықаралық университетімен академиялық әріптес ретінде бірнеше жылдан бері тығыз байланыс жасап келеді. Осы байланыс нәтижесінде «Дубна» университеті батысқазақстандық жастар үшін 30 орын бакалавриатқа және 10 орын магистратураға бөліп отыр.