ru24.pro
Новости по-русски
Апрель
2016

Қазақтың тағамдары Байқоңырдан ұшырылатын әрбір экипаждың ас мәзіріне енгізілмек (ФОТО)

0

АСТАНА. ҚазАқпарат - Айдын Айымбетов ғарышқа ұшар алдында ол ұлттық тағам элементтері бар азық-түліктерді өзімен бірге ала баратыны айтылған болатын. Қазақстандық ғарышкер үшін 9 тамақтан тұратын «Дастарқан» мәзірі әзірленген. Мәзірге құрғақ бие сүтінен жасалған, түрлі дәмдеуіштер, дән, қарақат қосылған ірімшік, құрт, кондитерлік өнімдер, өрік-мейізден кептірілген шығыс тәттілері, жылқы етінің сорпасы, лимон қосылған шай енген. Азық-түлік Қазақ тағамтану академиясында жасалды. Осы ретте ғарышкерлерге арналған тағам мәзірі жайында Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында жастармен кездесу барысында Қазақ тағамтану академиясының арнайы азық-түлік биотехнологиясы зертханасының жетекшісі Юрий Синявский кеңінен баяндап берді.