Үндістанда Майкл Джексонға арналған ескерткіш қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігіндегі Ченнаи қаласында Майкл Джексонның құрметіне ескерткіш қойылды. Музыканттың өнеріне табынушы монументті Neverland ранчосына орнатсын деген ниетпен Джексонның туыстарына сыйламақ болған, алайда олар бұл сыйдан бас тартты.
