АҚШ-та Жаңа жыл қарсаңында лаңкестік акті жасамақшы болған ер адам ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк штатының 25 жастағы тұрғыны Эмануэль Латчман Жаңа жыл қарсаңында Рочестер қаласындағы мейрамханада лаңкестік акті жасауға ниеттенуі туралы күдіктеліп, ұсталды, оған қазірдің өзінде айыптаулар тағылды. Бұл туралы АҚШ әділет минстрлігі хабарлады. Онда Латчман «Ислам мемлекетінің» жақтасы болған деген пайымдау жасалды.