Қазақстан мен Гана бизнес, мұнай-газ секторы және футболды дамытуда ынтымақтастықты жолға қоя алады - К.Алабо
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Гана бизнес, мұнай-газ секторы және футболды дамытуда ынтымақтастықты жолға қоя алады. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықоваға сенім грамотасын тапсырғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Гана Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Кодзо Кпоку Алабо айтты.