Астанада тауық жұмыртқасы негізсіз 400 теңгеге дейін күрт қымбаттаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тауық жұмыртқасы негізсіз 400 теңгеге дейін күрт қымбаттаған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлім етті.