2020 жылға қарай Қазақстанда тариф құны 80 пайызға дейін өсуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылға қарай Қазақстанда тариф құны 80 пайызға дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлім етті.