Қазақстандық өнім ретінде жалған безендірілген тауарларды анықтауға мән беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия қазақстандық таңбамен шығарылып жатқан шетелдік тауарлардың тасымалына тосқауыл қоймақ. Бұл туралы бүгін «Ұлы Дала елі» отандық тауар өндірушілердің І форумындары ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.