Вампирлер мен мыстан кемпірлер немесе «Хэллоуин»-нің қазаққа керегі бар ма? (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сіздің әкеңіз ауыр күрекпен жер қазып, қарт анаңыз қолымен есік алдына жұпар иісі аңқыған алқызыл гүлдер ексе, гүлдер күнде қарасаң да көз тоймайтын баққа айналса, бірақ біреу келіп ата-анадан қалған сол бағыңызға арамшөп егіп кетсе, қайтар едіңіз? Әрине, ашуыңыз келеді, ата-анаңыздың еңбегін арамшөп басып кететінін ойлап, жаныңыз ауырады, жұлқына, сол арамшөпті тамырымен талқандай бастайсыз.