Ауыл шаруашылығында жалпы өнім 316,6 млрд. теңгені құрады - Алматы облысы
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық әкімдіктің отырысында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен IV тоқсанға арналған міндеттер, сонымен қатар барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныс-ескертпелер бойынша дайындалған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы қаралды.