Астана тұрғындары негізінен медициналық қызметкерлердің дөрекілігіне шағымданады - Иван Ли
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары медициналық қызметтің сапасына емес, негізінен медициналық қызметкерлердің тарапынан орын алатын дөрекілікке шағымданады. Бұл туралы бүгін биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Мейірбикелік істі дамыту бойынша үйлестіруші кеңестің отырысында Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Иван Ли мәлім етті.