ҚР ҚК ӘӘК-нің жалауы жер шарын шамамен 160 рет ұшып өтті
Астанада 19132 әскери бөлімінде әскери авиаторлар мен ұшқыштардың қазақстандық ғарышкер, ұшқыш-жойғыш Әскери-әуе күштерінің полковнигі Айдын Айымбетовпен кездесуі өтті.
«Ғарыштық ұшу кезінде Айдын Айымбетов бірқатар физикалық-ғарыштық эксперименттер өткізді, сондай-ақ өзімен бірге орбитаға Қазақстан Республикасының жалауын алды. Өзінің бастамасы бойынша ол өзімен бірге Әскери-әуе күштерінің жалауын алып, Әскери-әуе күштерінің қатарынан шыққан әскери ұшқыш, қазақстандық армияда оның ұшу мансабының бейнесі, өзінің ғарышқа ұшу арманына қол жеткізгені ретінде ұшу шеберлігін көрсетті. Полковник Айымбетов өзінің Қазақстанның батырлары, әскери ұшқыштар қатарында даңқты дәстүрін жалғастыра отырып, лайықты орнын алды», - деді ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК қолбасшысының орынбасары полковник Еркін Жұмағалиев.
Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов полковник Айдын Айымбетовті ҚР ҚК ӘҚК төсбелгісі және Т.Бигелдинов атындағы мерейтойлық медальмен марапаттады.
«Менің барлық жетістіктерім тәлімгерлерімнің еңбегі. Олар ұшқыш ретінде мені қанаттандырып, офицер ретінде тәрбиеледі. Менімен ұшқан ғарышкерлер біздің әскери ұшқыштарымыздың деңгейі жоғары екенін атап өтті. Қазіргі уақытта ӘӘК-де Әскери-әуе күштерін дамытып жүрген және ғарышқа ұша алатын біршама дарынды әскери ұшқыштар бар», - деді полковник Айдын Айымбетов.
ӘӘК полковнигі Айдын Айымбетов «ұшқыш-инженер» мамандығын алып, 1993 жылдан бастап ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің 21751 әскери бөлімінде әскери қызмет өткерді. МиГ-23, МиГ-27, Су-27 және Л-39-да ұшуларды орындады.