Қысқы Астана қала тұрғындарын қуантпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыс маусымында елорда тұрғындары, әсіресе, кішкентай балалар үшін дәстүрлі түрде мұз айдындар, сырғанақтар ашылады. Атап айтқанда, «Хан шатыр» ОСО алдындағы алаңда қаладағы ең үлкен мұз айдыны пайда болады, елорданың бас шыршасы да осында орнатылады.