Шетелдерде тұратын қандастарымызға арналған халықаралық өнер фестивалі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29-30 қазан аралығында Астанада Қазақ гуманитарлық заң университетінің концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шетелде тұратын қандастарымыздың қатысуымен халықаралық өнер фестивалі өтеді, деп хабарлайды kazaitys.kz.