Қ. Келімбетов Қазақстанда 2020 жылға қарай инфляция қай деңгейде болатынын айтты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2020 жылға қарай инфляция 3-4 пайызды ғана құрайтын болады. Бұл туралы бүгін Алматыда Халықаралық Валюта Қорының Орталық Азия және Кавказ өңіріне арналған «Өңірлік экономилардың даму келешегі» атты баяндамасының таныстырылымы барысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.