ru24.pro
Новости по-русски
Октябрь
2015

Қызылордада «Аңыз дала - абыз дала» атты республикалық ақындар айтысы өтуде

0

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгiн Сыр өңірінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Аңыз дала - абыз дала» атты республикалық ақындар айтысы өтуде. Рухани шараның ел бірлігінің іргесін тұрғызып, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ойда айрықша орны бар философ, абыз Қорқыттың дәурен сүрген киелі мекенінде өтуінің мәні зор.