Шымкентте «Парасатты полицей» республикалық байқауы мәреге жетті (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 және 23 қазан күндері Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда тәртіп сақшыларының қатысуымен республикалық «Парасатты полицей» байқауы болып өтті. Полицейлер мемлекеттік тіл жөніндегі білімін ортаға салды. Бұл жолғы сайыста еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған, түрлі ұлт өкілдерінен құралған жалпы саны 100-ден астам тәртіп сақшыларының 20 командасы бақ сынасты.