ru24.pro
Новости по-русски
Октябрь
2015

ҚР Қорғаныс министрі Аэроұтқыр әскерлері мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшыларын таныстырды

Сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен полковник Алдияров Нұрлан Қапанұлы, «Батыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, полковник Адырбеков Дулат Темірғалиұлы, «Батыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, полковник Каюмов Сабыр Рысбекұлы, теңіз жаяу әскерінің бригада командирі болып тағайындалды.
«Сіздерге еліміздің батыс шептерін қорғауда тұрғандықтарыңыздан ерекше әскери миссия жүктеледі. Білетіңдеріңіздей, бұл жерде өте маңызды геосаяси торап қалыптасады, мұнда еліміздің ұлттық мүддесі бар және бола береді де. Сондықтан «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының барлық ұжымын бағынысты әскерлерді даярлау сапасын жақсарту бойынша елеулі, мақсатты бағытталған жұмыс жасауға шақырамын», - деді Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов және «Батыс» ӨңҚ алдында тұрған жеті нақты тапсырманы атап өтті.
Сонымен қатар, кеше Қорғаныс министрі Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының өкімімен Қазақстан Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшылығын басқаруға кіріскен генерал-майор Алмаз Жұмакеевті таныстырды.
«Жаңа қолбасшылар мен Аэроұтқыр әскерлерінің штабына бірқатар тапсырма бергім келеді. Аэроұтқыр әскерлерінің бөлімшелері еліміздің кез келген өңірінде кенеттен туындайтын тапсырмаларды шешуге ұдайы әзірлікте болуы тиіс. Сол себепті офицерлерді, сержанттар мен сарбаздарды даярлау бағдарламасына әскери бөлімдерді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде практикалық іс-қимыл мәселелеріне көбірек көңіл бөлген жөн», - деп атап өтті Аэроұтқыр әскерлерінің жаңа командирін ұсына отырып ведомство басшысы Иманғали Тасмағамбетов. Ол сонымен қатар, Аэроұтқыр әскерлерінде қызмет еткен және жауынгерлік әзірлікті арттыруға үлес қосқан алдыңғы командир генерал-майор Дәулет Оспановқа алғысын білдірді.