ru24.pro
Новости по-русски
Январь
2023

Атырауда шаңды дауыл көтерілді

Кешелі бері Атырауда облысында жел көтеріліп,  секундына 14 метр жылдамдықпен соққан жел тұрғындардың жүріп-тұруына кері әсерін тигізуде. Синоптиктердің 14 қаңтарға болжамы бойынша желдің ұйытқуы 20 м/сек-қа дейін ұласуы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының ауа райын болжау бөлімі, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

- 14 қаңтарда Атырау облысында жауын-шашын күтілмейді. Десе де желдің екпіні облыстың оңтүстік-шығысында 9-14 м/сек,  батыс және оңтүстік бөлігінде 15-20 м/сек дейін соғады. Ауа температурасы күндіз -4, -9 °C, түнде -11, -16 °C көрсетеді,-деді А.Казгулова.

Облыста демалыс күндері аяз сақталып, қаңтар айының ортасынан бастап ауа температурасы күндіз 0, -5 °C  шамасында, түнде -3, -8 °C аяз, солтүстік бөлігінде -11 °C аяз күтіледі деп болжануда.