ru24.pro
Новости по-русски
Октябрь
2015

Қазақстан арқылы автомобиль көлігімен өтетін транзиттік жүктер 2020 жылы 3 млн тоннаға дейін артады - Ә.Исекешев

0

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан арқылы автомобиль көлігімен өтетін транзиттік жүктердің көлемі 2020 жылдан бастап екі есеге өсіп, 3 млн тоннаға дейін артатыны күтіледі. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасына қатысты баяндаған Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев осылай мәлім етті.