Қазақстанда потенциалды қауіпті жолаушыларды анықтайтын жүйе енгізілуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда потенциалды қауіпті жолаушыларды анықтайтын жүйе енгізілмек. Бұл туралы бүгін Астанада әуежай мәселелеріне арналған ИАТА конференциясында ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов мәлім етті.